Қытайдан бүгін 217 қазақстандық эвакуацияланды

Dalanews 11 ақп. 2020 04:18 871

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бейжіңнен 217 Қазақстан азаматы елге дін аман жеткізілгенін хабарлады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, елге жеткізілген азаматтардың ешқайсынан  коронавирус індетінің белгісі анықталмаған.

Ертең тағы да 145 Қазақстан азаматы елге жеткізілмекші. Осылайша Қытайдағы ел азаматтары эвакуациялау ісі аяқталады. Ал 343 азамат Қытайда қалып жұмыстарын жалғастыруды жөн деп тапқан.


Естеріңізге саламыз, 2 ақпанада Қазақстан Ухан қаласынан 83 Қазақстан азаматын елге жеткізген болатын. Олар 14 күндік карантин аймағына орналастырылған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар