Қытай аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, жерасты дүмпулері 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Ал магнитудасы - 4,3", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.