“Қылыш” су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Қаракөз Амантай 29 сәу. 2026 11:09

Ұлытау облысында орналасқан, жобалық сыйымдылығы 11,5 млн текше метрді құрайтын "Қылыш" су қоймасы мемлекет қарамағына өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нысан жеке меншік иелігінен қайтарылғаннан кейін Қаражал қаласының әкімдігі гидротехникалық құрылысты қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 16,4 млн теңге бөлді.

Жоспарға сәйкес, жаңғырту аясында екі сорғы станциясы салынып, су өткізу шлюздері ауыстырылады. Сонымен қатар жоғары кернеулі электр желілерін тарту көзделіп отыр.

Бұл шаралар су қоймасының техникалық жағдайын жақсартып, өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove