Өз баяндамасынмен ортаға шыққан ҚазҰТУ білім алушыларының «ДАМУ» қоғамдық бірлестігінің президенті 4-курс студенті Ұлан Тоқтарқұлдың баяндамасы жиналған жастарға ерекше серпін берді.
«Қазақ елін мәңгілік ел етіп қалыптастыратын да, Қазақстанның болашағы ғылым мен мәдениеттегі даңғыл жолын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын да – еліміздің өршіл, білімді жастары. Ұлттың болашағы оның жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдаса отырып, келешектің негізін бүгін қалайтыны шындық», - деді ол.
«ҚазҰТУ жастары Елбасын қолдайды» атты жастар форумында найзағайдай жарқылдаған өршіл жастар өз баяндамаларын оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл форумда магистранттар мен студенттер кезектен тыс сайлауға бір кісідей дауыс беріп қоймай, барлық жастарды Елбасы кандидатурасын қолдауға шақырады.
Жұлдыз Бағашарова,
ҚазҰТУ-дың баспасөз хатшысы