ҚазҰТУ – Ассамблея бастамасын қолдайды

Dalanews 20 ақп. 2015 09:31 774

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ғылыми Кеңесінде университет қызметкерлері кезектен тыс ҚР Президент сайлауын өткізу туралы ҚХА ұсынысына қолдау білдірді.

Ғаламдық деңгейде өзекті болып отырған бұл мәселе әлемдік саяси жүйенің бөлшегі ретінде Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сондықтан Елбасы бастамасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы дайындалып, экономика өсімін нығайту үшін барлық жағдай жасалған. «Нұрлы Жол» бағдарламасы – бұл тек нақты, жете есептелген іс-қимыл жоспары ғана емес, бұл – келешектің инфрақұрылымына салынған аса ауқымды инвестиция, бұл – жұмыс орындары, қарапайым қазақстандықтардың жайлы тұрмысын сақтап қалу, олардың кемел келешекке деген сенімі», – деп атап көрсетілген «Нұр Отан» партиясының мәлімдемесінде. Бүгінгі таңда бірлік пен келісімді, тұрақтылықты нығай¬тудың, қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдырудың маңызы орасан зор.
Президенттік сайлау өткізу – еліміз бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағы жолында қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру. Елімізде бірлік, келісім және тұрақтылықты бұрынғыдан да нығайту, мемлекетіміздің  болашағы үшін маңызды. Бұл – ұзақмерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыра отырып, бірлігі бекем ел болуымыздың тарихи мүмкіндігі болып табылады.

Өз кезегінде университет ректоры Жексенбек Әділов:

– Кезектен тыс президент сайлауын өткізіп біздер еліміздің даму жолындағы келесі кезеңне сәтті өтіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бас¬тамаларды нәтижелі түрде жүзеге асыратын боламыз. Сондай-ақ, бұл сайлауды өткізіп саяси тұрақтылықты, қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға да ықпал ететіні сөзі. Маңызды бастама Парламент, Үкімет, орталық және жергілікті басқару органдары жұмылдырылып,  ел iсiне бей-жай қарамайтын барша азаматтарды, елiмiздiң патриоттарын осы бiр сындарлы сағатта бiздiң Отанымыз – Қазақстанның болашақ мүддесi үшiн бiрiгуге үндейтіні анық. Біздің ел тарихымыздағы маңызды кезеңдерде болашақ жастар үшін Елбасымен бірге кемеңгерлік танытып, ең жоғары деңгейде бірлікпен, шыдамдылықпен өткен түрлі дағдарыстан шыққан. Осы бағытты ұстанып, ұлттық рухты көтеріп, ішкі ынтымақты нығайту қажет. Сондықтан бұл сайлаудың маңызы зор, – деді ректор.

Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдауға арналған жиналыста профессорлар, институт директорлары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

 

Римма Жанбаева, ҚазҰТУ-дың Ақпараттық-сараптамалық орталығы қызметкері.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар