"Қазба байлықтың қожасы - халық". Пайдалы қазбадан түсетін табыс елге беріле ме?

Dalanews 25 сәу. 2022 13:02 289

Ата заңға түзету әзірлеген жұмыс тобының мүшесі, заңгер Ермек Әбдірасылов "жердің және қазба байлықтың қожасы - халық" деген нормаға тоқталып, бұдан түсетін табыстың едәуір бөлігін халыққа үлестіру мәселесіне түсінік берді деп хабарлайды Dalanews.kz

"Бұл – міндетті норма, жер, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты конституциялық ереженің негізгі бөлімі. Мұның барлығы елге тиесілі, сөзсіз солай. Осындай норманы енгізіп отыр. Енді, халық, әрбір адам өзі табиғат байлықтарына иелік етіп таратса, хаос мен тәртіпсіздік болады.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
Сондықтан мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асырады. Президент те, парламент те халықпен сайланады ғой. Барлық шешім ақылдасып шығарылады.[/perfectpullquote]

Ең бастысы, мемлекет елдің мүддесін көздеуі тиіс", - деді Әбдірасылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Журналистер алдағы уақытта қазба байлықтан түсетін табыстың бір бөлігін халық тарату мәселесін қозғап, оны іске асыру мүмкіндігін сұрады. Сарапшының пікірінше, бұл мәселені халық қалаулылары – депутаттар көтеруі тиіс.

"Меніңше, арнайы заңдар болады. Сонда Конституцияның міндетті нормасы, яғни, "жер мен табиғи ресурстары елге тиесілі" деген талаптың негізінде басқа мәселелерді барынша айқындайтын нормалар қабылданады. Дәл қазір солай болады деп айту қиын. Оны парламенттегі халықтың өкілдері шешеді деп ойлаймын. Әрине, президент пен үкімет те атсалысады. Сөйтіп, бірлесіп шешіледі", - деп атап көрсетті Әбдірасылов.

Президент Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне жеке тоқталған.


Мемлекет басшысы "Жер мен табиғи ресурстардың қожасы - халық" деген норманы Ата заңда біржола бекітуді ұсынған.

"Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: "Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы", – деген еді Тоқаев Ақордада өткен жиында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар