25 шілдеде Ақтөбе мен Қостанайда, ал Атырауда түнгі уақытта ауа сапасының нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай кезде жел баяу соғады немесе мүлде болмайды. Соның салдарынан ауадағы шаң-тозаң мен зиянды қалдықтар тарап кетпей, жерге жақын қабатта жиналады. Нәтижесінде ауа сапасы төмендеп, оны бұл денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Әсіресе, тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға сақ болған жөн. Өйткені ауадағы өте ұсақ бөлшектер өкпеге терең еніп, қысқа уақыттың өзінде ағзаға кері әсер етуі ықтимал.
Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік көп жүретін көшелерде уақыт өткізуді азайтуға кеңес береді.