Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі сезілді

Сағыныш Сардарова 03 қар. 2025 10:25

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. MPV магнитудасы - 6.2", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Шымкент қаласы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы - 2 балл;
  • Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы - 2 балл.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар