Қазақстанның Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев 70 жаста

Көркем Алдабергенова 31 қаз. 2024 14:09 2697

Бүгін Қазақстанның Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев 70 жасқа толды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сейтқазы Бейсенғазыұлы 1954 жылы 31 қазанда Ресейдің Алтай өлкесінде дүниеге келген, алайда оның әскердегі қызметінен кейінгі бүкіл еңбек жолы алдымен кеңестік, ал кейін Тәуелсіз Қазақстанмен байланысты.

Әр жылдары кеңестік кезеңде ол ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің, сондай-ақ Қазақстандағы "Индустриальная Караганда" және "Известия" газеттерінің жеке тілшісі болды.

Сонымен қатар, Сейтқазы Матаев Назарбаевтың алғашқы баспасөз хатшысы болған, ол 1991-1993 жылдары тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ел басшылығының ақпараттық саясатына жауапты болды. Одан бөлек, 90-шы жылдардың бірінші жартысында ол Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметін басқарды.

1996 жылы Сейтқазы Матаев Ұлттық баспасөз клубын, ал 2001 жылы Қазақстан журналистер одағын басқарды. Соңғы онжылдықтарда Сейітқазы Матаевтың есімі Қазақстан журналистері мен қазақстандық журналистиканың мүдделерін қорғаумен тығыз байланысты.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар