Freedom Inside '26

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабық

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабық

Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы жол учаскелерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қазавтожол" компаниясынык мәліметі бойынша, сағат 17:00-ден бастап РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы бағыты бойынша орналасқан автожолдың Айтеке би кентінен Қызылордаға дейінгі 1474–1806 шақырымдар аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалысқа шектеу қойылды.

Жолды шамамен 8 желтоқсанда сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.