Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс жүргізу тәсілдерін талдап, зерделеумен айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжілістегі кулуарда Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Мен Кенесары ханның өмірі мен әскери тактикасымен жақсы таныспын. Қазіргі таңда оның соғыс жүргізу әдістерін зерттеудеміз. Алайда әр сарапшының бұл мәселе бойынша өз көзқарасы бар. Кенесары қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын да зерттеп жатырмыз,” – деді Жазықбаев.