Қазақстанға келген туристер шығындарының басым бөлігін қайда жұмсайтыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 12 қар. 2025 11:55

Қазақстанға келген шетелдік туристер шығындарының үштен бірін мейрамхана мен кафелерден тамақтануға жұмсайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық компания Kazakh Tourism мәліметінше, Қазақстанға келген шетелдік қонақтар шығындарының шамамен үштен бірін қоғамдық тамақтану саласына жұмсайды.

Туристердің 23%-ы тұруға, тағы 23%-ы тауарларға, соның ішінде азық-түлік, сувенирлер және ұлттық өнімдерге жұмсалады.

Шетелдік қонақтардың 12%-ы ұшақ рейстеріне, 4%-ы автокөлік жалдау қызметіне, тағы 4%-ы спорттық және демалыс қызметтеріне кетеді. Ал шамамен 3%-ы бағалы бұйымдарға, яғни зергерлік бұйымдар, өнер туындылары мен антиквариатқа жұмсалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар