Қазақстандықтар зейнетақы жинағының басым бөлігін баспанаға жұмсаған

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының басым бөлігін баспанаға жұмсаған
Фото: ЖИ

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауды жалғастырып жатыр. 2026 жылғы тамызда осы мақсатқа берілген біржолғы зейнетақы төлемдерінің көлемі 27,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Data Hub жүргізген зерттеуге сәйкес, шілдеде төленген қаражат көлемі 27,1 млрд теңге болған.

Биыл маусымда зейнетақы жинағын алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегін есептеу тәртібі өзгерді. Соның салдарынан жинағындағы артық ақшасын пайдалана алатын азаматтар азайған.

"Жаңа талаптардан кейін зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдардың саны қысқарды. Алайда олардың шектен асқан қаражатының орташа көлемі өсті", – деп түсіндірген БЖЗҚ.

Соған қарамастан, шілде мен тамызда мыңдаған адам зейнетақы ақшасын алған. Шілдеде оны пайдаланғандар саны 8,8 мың адамға көбейсе, тамызда тағы 8,8 мың адам қосылған.

Азаматтардың басым бөлігі бұл қаражатты баспана сатып алуға жұмсаған. Шілде мен тамызда тұрғын үй мәмілесі бойынша толық есеп айырысуға жалпы төлемнің 58 пайызы бағытталған.

Сонымен бірге пайдаланылмаған ақша БЖЗҚ-ға қайтарылып жатыр. Шілдеде қорға шамамен 10 млрд теңге, тамызда 4,9 млрд теңге кері түскен. Қаражат өтініш иесі бас тартқан, қажетті құжаттарды тапсырмаған немесе ақшаны белгіленген мақсатқа жұмсамаған жағдайда қайтарылады.