Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсамайды — вице-министр

Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсамайды — вице-министр
Фото: Zakon.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды" деген пікірмен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, мұндай пікірлер ресми статистикаға толық сәйкес келе бермейді және жағдайды сәл асыра көрсетеді.

“Былтыр қыркүйекте инфляция 12,6% болды. Қазір бұл көрсеткіш 10,6%-ға дейін төмендеді. Мамыр айында одан да төмен болуы мүмкін”, – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол елдегі баға өсімі біртіндеп тұрақталып келе жатқанын атап өтті.