2026 жылдың 4 маусымында Мәскеу қаласында өтетін «Дәрігер білімі мен тұлғасы: күрделі диагнозға жауап» атты жастар арасындағы халықаралық ғылыми сайыс өтеді. ТМД елдерінің респираторлық денсаулық саласындағы мамандарының «ТМД елдеріндегі респираторлық медицина: әлеуметтік маңызы бар инфекциялар назарда» атты II халықаралық конгресі аясында ұйымдастырылатын сайысқа Қазақстан атынан ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының жас пульмонолог дәрігері Бақыт Қонысбаева мен Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университеті емдеу факультетінің 6-курс студенті Руслан Зотов қатысады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Халықаралық академиялық ғылыми сайыс — түрлі елден келген жас мамандар идеяларын, ғылыми тәсілдерін және жаңа заман медицинасын дамытуға қатысты кәсіби көзқарастарын ұсынатын интеллектуалды ғылыми-танымдық шоу. Жоба форматы пікірталас, клиникалық жағдайларды талдау және ашық кәсіби диалог элементтерін біріктіреді.
Жоғары деңгейдегі ғылыми сайысқа Қазақстаның екі өкілінің қатысуы – отандық медицинада жас мамандардың ғылыми жұмысын қолдаудың және жаңа заманғы медицина мен ғылымды дамытудағы әлеуетіміздің зор екенінің белгісі.
Жас ғалымдарымыздың сайыста жеңімпаз атануына дауыс беру арқылы үлес қоса аласыз. Дауыс беру үшін @nncf_mz_rk аккаунтының профиліндегі сілтеме арқылы тіркеліңіз. Толық ақпаратты www.nncf.kz ресми сайтынан ала аласыз.