Бұл туралы Dalanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, осыдан 7-8 жыл бұрын сол тұстары Ұлттық банкке басшылық еткен Қайрат Келімбетов Қазақстанды "Азия жолбарыстарының" сапына қосып, елімізді Орта Азияның Сингапуріне теңеген.
"Қазақстан дәл қазіргі уақта Орта Азияның Сингапуры деп саналады. Біздің экономика кез-келген түлей дауылға төтеп беретін әлеуетке ие, КСРО-ның шекпенінен шыққан кез-келген елді бәсекеге келгенде басып озамыз...", – деген бөскен еді ол Bloomberg-ке берген сұхбатында.
Қазақстанның кемшілігін жасырып, жақсылығын асырған Келімбетов ел астанасының таяу арада халықаралық қаржы хабына айналып, күллі инвесторлардың Елорда ағыларын айтқан.
https://dalanews.kz/aimak/84544-qazaqstan-yenergetika-dagdarysynan-q