Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды
ЖИ: Dalanews.kz

Владивосток қаласында өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстанда атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатқа "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС және "Росатом" мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны - "Атомстройэкспорт" АҚ арасында қол қойылды.

Келісімшартқа қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвтің қатысуымен өтті.

"Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді", - деп жазылған хабарламада.