Қазақстандағы зейнетақы мөлшері аталды

Сағыныш Сардарова 18 ақп. 2026 09:18

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 395,2 млн теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 263,9 млн теңге қарастырылған.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 538 мың адам.

"2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove