Көлік министрлігі жыл басынан бері жолаушылар пойыздарында 569 заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары төрт ай ішінде 280 жолаушылар пойызына тексеру жүргізген.
Тексеру қорытындысы бойынша 88 билетсіз жолаушы және рәсімделмеген 1308 келі жүк анықталған.
Бақылау барысында вагондардың техникалық жағдайына, сервистік қызмет сапасына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын жолаушыларға жасалған жағдайларға ерекше назар аударылған.
Министрлік талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамның қатынауына жол бермеу үшін шара қабылданғанын мәлімдеді. Нәтижесінде 9 жолаушылар вагонының жұмысы уақытша тоқтатылған.
Комитет жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Қазақстанда жолаушылар пойыздарынан жүздеген заңбұзушылық анықталды
Көлік министрлігі жыл басынан бері жолаушылар пойыздарында 569 заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды Dala News.
Министрліктің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары төрт ай ішінде 280 жолаушылар пойызына тексеру жүргізген.
Тексеру қорытындысы бойынша 88 билетсіз жолаушы және рәсімделмеген 1308 келі жүк анықталған.
Бақылау барысында вагондардың техникалық жағдайына, сервистік қызмет сапасына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын жолаушыларға жасалған жағдайларға ерекше назар аударылған.
Министрлік талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамның қатынауына жол бермеу үшін шара қабылданғанын мәлімдеді. Нәтижесінде 9 жолаушылар вагонының жұмысы уақытша тоқтатылған.
Комитет жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.