Қазақстанда зейнетақыны мерзімінен бұрын алу бойынша жеткілікті шек өзгере ме?

Сағыныш Сардарова 30 мау. 2025 12:36

Қазақстанда зейнетақыны мерзімінен бұрын алу бойынша жеткілікті шек өзгере ме? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Зейнетақы жинағын ерте жастан пайдалану болашақта, қартайғанда бұл төлемдердің құны төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан қазір бұлай жасаудың қажеті жоқ сияқты", - деді министр.

Қазақстанда жаңа шек 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста. Айта кетейік, 2025 жылға арналған шек өзгерген жоқ, 2023 және 2024 жылдардағы деңгейінде қалды және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін өзгереді.

20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш - 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар