Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатудың 634 дерегі анықталды

Қазақстанда заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатудың 634 дерегі анықталды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнату деректері анықталып жатыр. Ішкі істер министрлігі мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылау шараларын күшейткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында рейдтер жүргізілуде. Тексерудің негізгі мақсаты – ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын елден заңсыз шығаруға тосқауыл қою.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері республика бойынша көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегі тіркелген. Оның екеуі соңғы тәулікте анықталды.

Министрлік бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.