Қазақстанда сирек кездесетін металдардың жаңа орындары табылды

Қаракөз Амантай 03 жел. 2024 12:30 609

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындары табылғанын хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, сирек кездесетін металдар саласын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Қазіргі таңда Күйректікөл учаскесіндегі сирек кездесетін металдардың қоры шамамен 800 мың тоннаны құрайды деп бағалануда",- деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ, барлау жұмыстарын Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізіп жатқанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар