Қазақстанда тұрақты тұруға ниет білдірген шетел азаматтарына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзу және өзге де әкімшілік құқықбұзушылықтар азаматтық алудан бас тартуға негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар үміткерлердің қаржылай тұрақтылығы мен қоғамға бейімделу деңгейіне қойылатын талаптар да қатаңдатылды. Яғни, тек заңға бағыну ғана емес, елдегі әлеуметтік ортаға сәтті кірігу де маңызды шарттардың біріне айналды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл заңсыз көші-қонның бес арнасы анықталып, жойылған. Бұдан бөлек, көші-қон үдерісін тиімді бақылау үшін жасанды интеллектке негізделген жаңа тетіктер енгізіліп жатыр.
