Freedom Inside '26

Қазақстанда Құлыбаевтардың қатарына тағы біраз олигарх қосылады

Қазақстанда Құлыбаевтардың қатарына тағы біраз олигарх қосылады
tengrinews.kz

2024 жылдан бастап Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің саны артады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Forbes Kazakhstan журналының сараптама тобы басшысы Ардақ Бөкееваның айтуынша, кәсіпкерлер саны 50-ден 75-ке дейін ұлғаяды.

"Біз 75-ке дейін көбейтеміз деп шештік. Өйткені соңғы жылдары тізімге енбей қалып кеткен кәсіпкерлер көп. Әйтпесе айырмашылық небәрі 500 мың доллар ғана", - деді ол.

Басылым мәліметінше, 2012 жылдан бері тізім айтарлықтай өзгермеген. Он жылдам астам уақыттан бері рейтингі бойынша  көш басында $3,5 млрд (2023 жылы — $4,6 млрд) қаржы тапқан Владимир Ким тұр. Ал Тимур мен Динара Құлыбаевтар $1,258 миллиард қаражатпен бесінші орынға жайғасқан. Ал олардың алдында дүниеден өткен Алиджан Ибрагимов (Ибрагимовтер отбасы былтыр жетінші орынға тұрақтаған), Сәрсеновтер отбасы (2023 жылы – сегізінші орын) мен Болат Өтемұратов (2023 жылы – алтыншы орын) орап кетті.