Қазақстанда қарттар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтарға жаңа формат енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер әзірледі. Құжатта қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы әрі инклюзивті орта қалыптастыру көзделген.
Жоспарға сәйкес әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген шағын үйлерді дамыту ұсынылады. Мұндай формат тұрғындардың өзін жайлы сезінуіне және жеке қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлімшелер ашу қарастырылған.
Бұл өзгерістер жобасы 2 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауына шығарылды.
