Қазақстанда пранк жасау ресми түрде шектелуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 20 қар. 2025 13:31

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пранк жасауға байланысты қызметті заң жүзінде шектеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, алдын ала келісім алынбай, адамдар әдейі күйзеліске, қауіпті немесе ар-намысына тиетін жағдайға түсірілетін видеолар туралы сөз болып отыр.

Мұндай контент көп жағдайда этикалық және құқықтық нормаларды бұзады. Қазір реттеудің қандай форматы енгізілетіні талқылануда – нақты ережелерден бастап, мұндай түсірілімдерді ұйымдастыруды толық тыйым салуға дейінгі шаралар қарастырылуда.

Мақсат – азаматтарды зиян келтіруі мүмкін контенттен қорғау және қауіпсіз медиаортаны қалыптастыру.

Еске салайық, бұған дейін Аида Балаева рұқсатсыз фото және видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын

Сонымен қатар, журналист Артұр Нығметов шетелде пранк жасағыш қазақстандық блогерлер туралы ойын айтып, бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп, еліміздің халықаралық беделіне көлеңке түсіп жатқанын атап өткен еді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар