Қазақстан азаматтарының келісімінсіз фото және видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бастама қарапайым азаматтардың жеке өмірін қорғауға бағытталған.
Қазіргі кезде адамдардың келісімінсіз кез келген жерде түсірілім жасауға мүмкіндік бар, ал бұл олардың құқығын шектеуі мүмкін.
Министр ұсыныс мемлекеттік қызметкерлерге емес, дәл осы жеке тұлғаларға қатысты болатынын ерекше атап өтті, себебі олардың қызметі – ашық және қоғамға қолжетімді.
Бастаманы талқылайтын жұмыс тобы құрылу кезеңінде. Оған БАҚ өкілдерін де тарту жоспарланып отыр.
