Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Конституциялық Сотпен бірлесіп отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктеріне арналған ведомствоаралық талқылау өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жиында отбасыны, ана мен әкені және баланы қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты әрі Конституцияда бекітілген негізгі құндылықтардың бірі екені атап өтілді. Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған міндеттердің бірі – осы конституциялық кепілдіктерді іс жүзінде қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Талқылауды Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева жүргізді. Оның айтуынша, Конституциядағы жаңа нормалар отбасы институтын нығайтудың берік құқықтық негізіне айналып отыр.
Іс-шараға Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов, Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.
Жиында Ұлттық комиссияның мемлекеттік отбасы саясатын жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударылды. Комиссияның қолдауымен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жаңартылып, еліміздегі Отбасын қолдау орталықтарының саны 160-қа жеткені айтылды.
Биылғы жылдың басынан бері бұл орталықтарға 50 мыңнан астам өтініш түсіп, 43 мыңнан астам отбасы консультациялық көмек алған. Ал 6 мыңға жуық отбасы ұзақ мерзімді сүйемелдеуге алынған.
Жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ата-аналар академиясы» жобасының нәтижелері де таныстырылды. 2025 жылы Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында 2,5 мыңнан астам адам оқудан өтсе, 2026 жылдан бастап жоба еліміздің барлық өңірінде іске асырылып жатыр.