Қазақстандық мектептерде балалардың түскі ас ішуіне кемінде бір сағат уақыт бөлу туралы ұсыныс айтылды. Бұл бастама қоғам белсендісі Альмира Орлова жариялаған петицияда көтерілген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстандық мектептерде балалардың түскі ас ішуіне кемінде бір сағат уақыт бөлу туралы ұсыныс айтылды. Бұл бастама қоғам белсендісі Альмира Орлова жариялаған петицияда көтерілген.
Петиция авторының пікірінше, белгіленетін 60 минутқа асханадағы кезек күту, тағам алу және тамақтану уақыты түгел кіруге тиіс. Өйткені қазір оқушылар кезекте тұрғаннан кейін ас ішуге орта есеппен 10–15 минут қана жұмсайды. Ал жекеменшік мектептерде түскі үзіліс шамамен 20–30 минутқа созылады.
Бастама иесі қысқа үзілісте балалардың асығыс тамақтануға мәжбүр болатынын атап өтті. Оның сөзінше, бұл олардың денсаулығына және дұрыс тамақтану дағдысының қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Түскі үзілісті ұзарту оқушыларға асықпай тамақтанып, демалуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар желінбей, қоқысқа тасталатын тағам көлемін азайтуға ықпал етеді.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық талаптарды қайта қарап, мектептердегі сабақ кестесі мен асхана жұмысын ұйымдастыруға арналған тиісті ұсынымдар әзірлеу ұсынылды.
Қазіргі уақытта 50 адамның қолын жинаған петиция модерациядан өтіп жатыр.