Көлік министрлігі елді мекендерде көктайғаққа қарсы күрес кезінде тұз қолдану тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, тұз топыраққа, жасыл желекке және қалалық экожүйеге кері әсер етеді.
Министрліктің хабарлауынша, енді оның орнына отандық өндірістегі көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылады. Атап айтқанда, жолдарға жол технологияларының бірыңғай базасында тіркелген құрғақ және сұйық реагенттер себіледі.
Бұл құрамдардың ерекшелігі - олардың құрамында хлоридтер жоқ, мұз бен қарды еріту тиімділігі сақталады және сонымен бірге жол инфрақұрылымы мен қоршаған ортаға анағұрлым қауіпсіз болып саналады.
