Қазақстанда жаңа мереке пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді елімізде 3 қыркүйек ресми түрде қазақтың тазысы мен төбеті күні ретінде атап өтіледі.
Бұл екі тұқым қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі саналады. Тазы – аңшылықта қолданылған жүйрік әрі төзімді ит болса, төбет – мал мен үйді қорғауда ерекше маңызға ие.
Бұған дейін мемлекет басшысы қос тұқымды сақтап, оларды халықаралық деңгейде насихаттауды тапсырған еді.
