Қазақстанда емханалардың жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді учаскелік дәрігерлер науқастарды бұрынғы төрт сағаттың орнына күніне 6 сағат қабылдайды. Сонымен қатар дәрігердің қабылдауына 60 күн бұрын жазылуға мүмкіндік берілді.
Орташа күту мерзімі 5–7 күннен 1–3 күнге дейін қысқарды. Шұғыл медициналық көмек қажет ететін пациенттер үшін еліміз бойынша 680 арнайы кабинет пен 995 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ медбикелердің қабылдауына өз бетінше жазылу мүмкіндігі кеңейтіліп, бірқатар медициналық қызметтер цифрлық форматқа көшірілуде.