Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 14 мамырға арналған шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа мәліметке сәйкес, АҚШ долларының бағамы 467,63 теңгеге жетті. Сонымен қатар, еуро 547,69 теңге, ал ресей рублі 6,36 теңге болып белгіленді.
Айырбастау пункттеріндегі доллар бағасы бұдан да жоғары. Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматы мен Шымкентте доллар 470–472 теңге аралығында сатылып жатыр. Астанада америкалық валюта бағамы 473 теңгеге дейін жеткен.
Сондай-ақ еуро ірі қалалардағы айырбастау орындарында 545–555 теңге аралығында саудалануда. Ал рубль бағамы 6,15–6,5 теңге шамасында.