Қазақстанда «Даналық - ұстаздан» республикалық акциясы өтіп жатыр

Сағыныш Сардарова 04 қаз. 2024 15:37 542

Қазақстанда «Даналық - ұстаздан» республикалық акциясы өтуде, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Акцияға 3 миллионнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып,  бір мезгілде «Ұстазым» әнін орындады. Акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тауып, оған  балабақша  тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіру арқылы үн қосты. 

Іс-шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

"Сіз де #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалана отырып, сүйікті ұстазыңыз туралы қысқа бейнежазба түсіріп, ұстазыңыздың оқу мен тәрбиедегі үлесі үшін алғыс білдірсеңіз болады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар