Freedom Inside '26

Қазақстанда әйелдер саны 10,5 млн-ға жетті

Қазақстанда әйелдер саны 10,5 млн-ға жетті
ЖИ: Dalanews.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10,5 млн әйел тұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Орташа жас көрсеткіші – 34 жас. Ал әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл.

Ел бойынша әйелдердің ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан облысында, Астана қаласында және Алматы облысында тіркелген.

Статистикаға сәйкес, әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың шамамен жартысын құрайды. Олар кәсіпкерлікпен де белсенді айналысады және көбіне білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.