Былтыр экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін қазақстандық кәсіпорындар жалпы сомасы 322,9 миллиард теңгеге екі мыңнан аса әкімшілік айыппұл арқалаған.
"Тексеріс нәтижесінде 1,6 мың заңбұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 628 ұйғарым берілді. 322 миллиард теңгеге 2,1 мың әкімшілік айыппұл салынды, 11,3 миллиард теңге мөлшерінде 1,8 мың айыппұл өндірілді.
Ластайтын заттарды экологиялық рұқсатсыз тастағаны үшін ең ірі айыппұлдардың ішінде Karabatan Utility Solutions ЖШС кәсіпорнынан 7,2 миллиард теңге, "Теңізшевройл" ЖШС кәсіпорнынан 2,8 миллиард теңге өндірілді", - деді экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Үкімет отырысында.