Қазақстанда ажырасу саны азайып келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, кейінгі бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген.
"2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды", - деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, 2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ, ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.