22 шілде күні Қазақстан бойынша телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Компанияның мәліметінше, 22 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телехабар тарату, сондай-ақ радиостанциялардың эфирі уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» мамандарының айтуынша, профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын тарату жүйесінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.