Қазақстанда қазіргі таңда 9 банк депозиттер бойынша 20% жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Нарық жаңалықтары телеграм арнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, көбіне бұл ұсыныстар 3 немесе 6 айлық жинақ депозиттері үшін жасалған, яғни ақшаны мерзімінен бұрын ішінара шешуге болмайды.
20% ұсынатын банктер:
- Freedom Bank
- Bereke Bank
- Еуразиялық банк
- Kaspi Bank
- Home Credit Bank
- ЦентрКредит Банкі
- Forte Bank
- KMF Bank
- Zaman Bank (36 айлық исламдық «Вакала» инвестициялық депозиті)
Депозиттердің қысқаша шарттары:
- Bereke Bank - 3ай, кемі 5 млн теңге
- Еуразиялық банк - 3 ай, 1 000 теңгеден бастап
- Kaspi Bank - 3 ай, 150 000 теңге, автоматты пролонгация
- Home Credit Bank - 3 ай, 1 000 теңге, мерзімінен бұрын жабсаңыз пайыз күйеді
- ЦентрКредит Банкі - 2–6 ай, ішінара алу мүмкіндігі жоқ
- Forte Bank - 3–6 ай, кемі 100 000 теңге, ерте жабылса - 0,1%
- KMF Bank - 6 ай, 100 000 теңге, пайыз капитализацияланады
- Zaman Bank - инвестициялық депозит, ашуға қажет сома - 50 000 теңге, табыс пайыз емес, инвестициялық
Еске сала кетейік, 16 қазанда депозит бойынша 20% ЖТСМ ұсынған алғашқы банк Freedom Bank болды.
