Қазақстан цифрландыру бойынша «Сбермен» келісімге қол қоймауы мүмкін

Dalanews 26 нау. 2022 01:35 888

ҚР Цифрландыруды дамыту, инновация және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі иифрландыру трансформациясы бойынша Ресейдің Сбербанкмен арадағы әйгілі келісімге қол қоюды кейінге қалдырғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz exclusive.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің таратқан мәліметінше, қазіргі таңда осы келісімнің баламалы нұсқалары сарапқа салынып жатса керек.

«Әлемде орын алған күрделі жағдайға байланысты министрлік жағдайдың ушығуына қатысты бірнеше сценарийді қарастырып жатыр. Бұл ретте IT мамандар мен аталамыш нарыққа қатысы бар өзге де мамандардың басын қосып, Сбер технологиясына балама болатын өзге де технологияларды сарапқа салатын болады» делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатр ведмоства өкілдері 2022 жылдың наурыз айының аяғына дейін Үкімет пен Сбер компаниясы келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын алға тартты.


Әлемде орын алған жағдайға байланысты министрлік бұл мәселені тағыды пысықтап, талқылауды көздеп отыр.

Естеріңізге саламыз, 2021 жылдың қыркүйек айында экс-премьер Асқар Мамин мен Герман Греф иифрландыру трансформациясы бойынша арнайы меморандумға қол қойған болатын. Егер Қазақстан Сбер компаниясының технологиясына өткен жағдайда 500 млн доллар төлеу керек болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар