Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев Бельгиядан ойсырай ұтылғаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кеше Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен сырт алаңда ойнап, ауыр жеңіліске ұшырады. Ойын 0:6 есебімен аяқталды.
Команданың бас бапкері Али Алиев матч қорытындысына байланысты пікір білдірді:
«Қысқа ғана айтарым: болған жайттың барлығы – менің жауапкершілігім. Жеңілісті өз мойныма аламын. Бірде-бір футболшыны сынға алуға болмайды. Бұл – толығымен менің кінәм. Мен отставка туралы шешім қабылдаймын және елге оралған бойда федерация президенті мен басшылыққа хабарлаймын», – деді ол.
Басқа матчтардың нәтижелері (ЧМ-2026 іріктеуі):
Испания - Түркия 6:0 (7 қыркүйек)
Португалия - Армения 5:0 (6 қыркүйек)
Исландия - Әзербайжан 5:0 (5 қыркүйек)
Грекия - Беларусь 5:1 (5 қыркүйек)