Freedom Inside '26

Қазақстан Қарашығанақта газ өндіру көлемін қысқартты

Қазақстан Қарашығанақта газ өндіру көлемін қысқартты
Сурет: pixabay

Қазақстан Қарашығанақ кен орнында газ өндіру көлемін уақытша қысқартты. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, Қарашығанақ кен орнында газ өндіру көлемі 9 мың тоннаға қысқартылған.

"Қарашығанақта газ өндіру 9 мың тоннаға азайтылды. Бірақ бұл ішкі нарыққа әсер еткен жоқ. Елдегі барлық тұтынушы газды толық көлемде алып отыр", – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрлік бұған дейін Ресейдің Орынбор облысындағы кәсіпорынға жасалған украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы Қазақстанға газ жеткізуге әсер етпегенін хабарлаған еді.