Қазақстан энергия тұтыну көлемі бойынша Ресей мен Қытайдың арасында тұр

Қазақстан энергия тұтыну көлемі бойынша Ресей мен Қытайдың арасында тұр
ашық дереккөз

Қазақстан жан басына шаққандағы энергия тұтыну көлемі ең жоғары елдер рейтингінде 22-орында тұр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Энергия тұтыну көлемі бойынша алғашқы орындарда мына елдер тұр:

  • Исландия
  • Қатар
  • Сингапур
  • Біріккен Араб Әмірліктері
  • Кувейт 
  • Ресей
  • Түрікменстан 
  • Қазақстан 
  • Беларусь
  • Қытай

Африка мен Оңтүстік Американың бірде-бір елі алғашқы 40 елдің қатарына кірмеген. Бұл тізімге Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Мұхит аралдарындағы мемлекеттер енген.

Бұл көрсеткіш жеке адамның энергияны қаншалық тұтынатынын емес, тұтас экономиканың энергия тұтыну көлемін көрсетеді. Мұнай өңдеу орталықтары мен отын экспорттаушы елдер басқа мемлекеттерде тұтынылатын тауарлар мен отынды өндіру үшін көп энергия жұмсайды.м