Freedom Inside '26

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын мақұлдауға дайындалып жатыр

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын мақұлдауға дайындалып жатыр
Фотосурет: freepik және Gov

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының киберқылмысқа қарсы конвенциясын мақұлдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жарлық жобасында БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын мақұлдау және оны Қазақстан Республикасының атынан қол қою өкілеттігін беру көзделген", – делінген Мемлекет басшысының жарлық жобасының сипаттамасында.

Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, Конвенцияға қол қою киберқылмыспен күрес саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға, электронды дәлелдемелермен алмасу жүйесін жолға қоюға, сондай-ақ ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруге құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.