Қазақстан бойынша «Транстелеком» интернетінде ақау шықты

Қазақстан бойынша «Транстелеком» интернетінде ақау шықты
ЖИ: Dalanews.kz

8 қазанға қараған түні «Транстелеком» компаниясының абоненттері интернетке қосыла алмай, байланысқа қатысты мәселелерге шағымдана бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның call-орталығының мәліметінше, ақау Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі пайдаланушыларға әсер еткен. Интернетке қосылудағы алғашқы қиындықтар түнгі сағат 00:00 шамасында тіркелген.

«Транстелеком» өкілдері желіде жалпы ақау болғанын растады. Қазіргі уақытта техникалық мамандар мәселені жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания әзірге ақаудың нақты қашан толық қалпына келтірілетінін хабарлаған жоқ.