"Qaz Ice". Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ

Dalanews 16 там. 2019 05:12 847

Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймын деген бизнес-жобасын қорғады.



Балмұздаққа «Qaz Ice» деп ат қойған ол, ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді дейді. «Көбіне кішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым. Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады», – дейді жас кәсіпкер. Жобасын сәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар