Елордада қайтарылған активтер есебінен Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа заманауи стадионның құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бұл әлеуметтік нысанды 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион аумағында футболды дамытуға басымдық беретін мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі орналастырылады. Мектеп 8 бен 18 жас аралығындағы 750 балаға есептелген", - деп жазылған хабарламада.
Жас спортшыларға жаттығу және жарыс процесіне қажет барлық жағдай жасалады: жасанды жабыны бар заманауи футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, медицина кабинеті және көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады.