Қайтарылған актив есебінен Қызылордадағы ауыл халқы сумен қамтылады

Көркем Алдабергенова 10 қаз. 2025 10:12

Қайтарылған актив есебінен Қызылордадағы ауыл халқы сумен қамтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы мақсатта арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға 2,2 млрд теңге бөлінді.  

Жобалар жалпы 1,8 мыңға жуық тұрғыны бар Арал және Қазалы аудандарындағы ауылдарды қамтиды. Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылшілік желілерді салу да кіреді. Мердігерлік ұйымдар анықталып, жоба қаржыландырылды.

Нысандар құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар