Қайырхан Тұтқышбаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Қайырхан Тұтқышбаев 1991 жылы Алматыда дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы "Орталық Азия тау-кен одағы" ҚБ-да бастаған.
- 2011–2014 жылдары - "Degdar Engineering" ЖШС тау-кен жұмысын және тау-кен жабдығын жобалау бөлімінің инженері.
- Әр жылдары Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директоры қызметін атқарды.
- 2022–2023 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2023–2023 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2023–2024 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2024 жылы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлау және дамыту жөніндегі басқарушы директоры.
- 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Graphite minerals" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.