Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірқатар бөлімдеріне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Александр Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Расул Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.
Марат Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, бұрынғы қызметінен босатылды.
Ал Ерлан Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.